Емдік дене шынықтыру нұсқаушылары облыстық деңгейде сайысқа түсті

  • 28.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 178

Бүгін, 28 сәуірде «Семей қаласының психологиялық —педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Абай облысының педагогикалық-психологиялық кабинеттерінің емдік дене шынықтыру нұсқаушылары арасында «Кәсіби біліктілік ол-өзімен шексіз жұмыс» атты облыстық сайыс өтті. Сайыста мамандар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті, үздік қатысушылар жүлдемен марапатталды.
1 орынды   Абай облысы, Бесқарағай  ауданының  психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің емдік дене шынықтыру маманы Андреева Наталья Михайловна иеленді.
2 орынды Абай облысы , Аягөз   ауданының  психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің емдік дене шынықтыру маманы Нурмухаметов Наурызғали Тилеуберліұлы иеленді.
Әріптестерге нәтижелі еңбек пен жаңа белестерді бағындыра берулерін тілейміз!