«Арнайы мектеп-интернаттарындағы білім беру аспектілері: теория мен тәжірибе» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

  • 28.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 219

2023 жылғы 28 сәуірде Есік қаласында арнайы мектеп-интернаттарының басшылары, арнайы мектеп-интернаттары мен жалпы білім беру ұйымдарының, облыстық білім беру мекемелерінің арнайы педагогтері, педагог-психологтері қатысуымен «АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАРЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ АСПЕКТІЛЕРІ: ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ» атты конференция өтті. Шара  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін білім  алушылардың барлық  деңгейдегі  білімге қолжетімділігін  қамтамасыз  етудегі арнайы  мектеп-интернаттардың жұмысын  дамыту, өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тәжірибесі, арнайы    мектеп-интернаттарының жұмысын  жаңғыртудың жолдары тақырыптары аясында өзіндік көзқарастарын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.