1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шаралар өтуде

  • 28.04.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 271

Бүгін, 28-сәуір күні Ақтөбе облысы арнайы білім беру ұйымдарында 1-мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өту шаралары ұйымдастырылды. Атап айтсақ,   "Ақтөбе облыстық оңалту (арнайы) орталығы"КММ-де сәбилердің көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында,   "Ынтымақ.Бірлік.Татулық" - атты іс-шара ұйымдастырылды. 
Сондай-ақ, "Ырғыз ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" КММ де  балаларға "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында танымдық сағат өткізді.  Танымдық сағатта әр ұлт өкілінің  тарихымен, салт-дәстүрлерімен таныстырып,  ұлттық ойындары ойнатылды.
Бұл шаралар өсіп келе жатқан жаңа ұрпақтың бірлік, сыйластық жайлы түсініктерін қалыптастырып, рухани құндылықтарды байытатыны анық, мерекелік іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда.