Назар аударыңыздар!

  • 02.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 219

2023 жылғы 4 мамырда аймақтық әдістемелік орталықтардың, кабинеттердің әдіскерлеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың білім беру процесін ұйымдастырудың медициналық және әлеуметтік-педагогикалық тәсілдері» республикалық семинары өтетінін хабарлаймыз! 
 
Аталмыш семинар мақсаты  – аймақтық әдістемелік орталықтардың, кабинеттердің әдіскерлеріне арнайы және инклюзивті білім берудің  жұмысын  ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
 
Спикерлер:
1. Дербисалова Гульназ  Сериковна, Алматы қаласы «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директорының орынбасары;
2. Ерсарина Алия Касымхановна, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ диагностикалық-консультативтік бөлімінің меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты.
 
Барлықтарыңызды күтеміз!