Дубайда халықаралық өнер байқауында Қазақстандық «Sensitive» би театры бас жүлдеге ие болды

  • 04.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 136

Петропавл қаласының «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ базасында құрылған «Sensitive» би ансамблі Ресей, Өзбекстан, Болгария, Үндістаннан келген өнерпаздардың арасынан өнерімен ерекше көзге түсіп, елімізді өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Қазақстандық «Sensitive» би театры күллі әлем алдында, нақтырақ айтсақ Дубайдағы халықаралық өнер байқауында өнер көрсетті. Атап айтсақ, біздің еліміздің беделін асқақтатқан «Sensitive» би театры өнер байқауында бас жүлдені иеленді. Дуэт және Соло номинациясы бойынша қатысушылар 1-орын жүлдесін алды. Сонымен қатар жалпы 4 жүлделі орынды қанжығасына байлады. 
Әуенді естімесе де, нық қадаммен ырғақты би билеп, өнерлерін паш еткені өнерпаздардың үлкен еңбегінің жемісі.
Жас бишілердің өнерлері өрге бассын!