Аймақтық әдістемелік орталықтардың, кабинеттердің әдіскерлеріне арналған семинар өтті
2023 жылдың мамырдың 4 жұлдызында онлайн түрінде «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың білім беру процесін ұйымдастырудың медициналық және әлеуметтік-педагогикалық тәсілдері» атты семинар өтті.
Семинар барысында диагностикалық-консультативтік білімінің меңгерушісі және психология ғылымдарының кандидаты Ерсарина Алия Касымхановна «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың білім беру процесін ұйымдастырудың медициналық және әлеуметтік-педагогикалық тәсілдері. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар топтарының сипаттамасы» тақырыбында өз баяндамасы бойынша сөз сөйледі.
Семинардың сонында тақырыпты қорытындылап, өзекті мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берілді.