"Логопедтер клубы" кәсіби қоғамдастығы ұйымдастырылды

  • 05.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 176

2023 жылғы 5 мамырда онлайн режимде логопедтерге арналған "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сөйлеуін түзеу мен дамытудың инновациялық әдістері" атты облыстық семинар өтті. Семинарға логопедтер, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің меңгерушілері, әдіскерлері, сондай - ақ Қостанай облысының балабақшалары мен жалпы білім беретін мектептерінің логопедтері қатысты.  Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды логопедиялық сүйемелдеуді жетілдіруге бағытталған ППТК қызметінің практикалық тәжірибесін тарату мақсатында Сарыкөл ауданының түзеу кабинеті бастауымен өткен семинарда ППТК логопед-мұғалімдерінің практикалық тәжірибесі ұсынылды, сөйлеу бұзылыстарын түзетудің инновациялық әдістері қарастырылды. 
Семинар нәтижесінде әдістемелік әдебиеттер, мамандардың жеке авторлық жұмыстары, түрлі ойындар мен сабақтарға арналған құралдар қамтылған әдістемелік кейс құрылды. Сондай-ақ кәсіби ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және кәсіби мәселелерді бірлесіп шешу үшін "логопедтер клубы" кәсіби қоғамдастығы ұйымдастырылды.