Астанада «Жүрекпен сезіну» фестивалі өтеді

  • 12.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 182

Астана қаласында «№1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ қызметінің 10 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жүрекпен сезіну» фестивалі өтеді. Өтетін уақыты: 24.05.2023 жылы сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін.

Бағдарламада концерт, ата-аналарға кеңес, ППТК-нің арнайы жабдықтар көрмесі, балалар жұмыстарының көрмесі, сондай-ақ шеберлік сабақтар болады.

Іс-шараға ойын-сауық және танымдық бағдарлама ұсынатын қолөнершілер, суретшілер, аниматорлар шақырылады. Ерекше қажеттіліктері бар әрбір бала әртүрлі бағыттағы шеберлік сабақтарына қатыса алады: қыш құмыра жасау, сурет шеберханасы, дәстүрлі емес сурет салу, аквагрим, арт-терапия, гипспен жұмыс істеу, тестопластика, квиллинг, оригами және т.б.

Іс-шараға балалар мен ата-аналар қатыса алады.