Баспасөз релизі

  • 12.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 415

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 2023 жылғы 15-25 ақпанда өткізілетін іс-шаралардың жоспарланғаны туралы хабарлайды.

              2023 жылғы 15 мамырдан бастап 25 ақпанға дейін жалпы білім беретін мектептердің меңгерушілері мен мұғалімдеріне арналған «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық қолдау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

           Курстарда мемлекеттік саясатты түсіндіріп, жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы жағдайлар жасау және психологиялық-педагогикалық қолдау кезінде Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңдары мен заңға тәуелді актілерінің нормалары туралы білімдерін пайдалана білу жоспарлануда.

          Тыңдаушылар командалық тәсіл қағидаттарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарындағы балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін терең психологиялық бағалаудың алгоритмдерімен және әдістерімен танысатын болады. Оқушылардың психологиялық тексеру жүргізу дағдыларын меңгереді (оқу қиындықтарының себептері мен сипатын анықтай білу).

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық көмектің жеке-дамыту бағдарламаларын құруға және қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесу (аутизм), эмоционалдық-мінез-құлық бұзылыстары бар балалармен психологиялық жұмыстың әдістері мен тәсілдерін қолдануды үйренеді.