«Қазіргі білім беру саясатын іске асыру жағдайында ПМПК қызметінің өзекті аспектілері»
2023 жылдың 12 мамырында Талдықорған қаласында «№2 облыстық психологиялық-педагогтік консультациясы» КММ базасында «Қазіргі білім беру саясатын іске асыру жағдайында ПМПК қызметінің өзекті аспектілері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге АИБД ҰҒПО РММ директоры Айкерим Мерекеевна Кудеринова және Жетісу облысы білім басқармасы, ОПМПК, ППТК басшылары және басқа да білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында болды.
Іс-шара барысында «Ашық микрофон» сұрақтарына сұрақтарына жауап беріліп, үздік педагогтарды марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.