Семейде Халықаралық отбасы күніне орай өткен спорттық ойындарда отбасылар сайысқа түсті
2023 жылдың 12 мамырында Семей қаласының №4 арнайы мектеп- интернатында Халықаралық отбасы күніне орай «Анам, әкем, мен – спорттық отбасы» атты спорттық-ойын бағдарламасы өтті. Шара мақсаты - отбасы бірлігін нығайтып, бір-біріне деген қамқорлығы мен сыйластығы арттыру. Түрлі спорттық ойындарды біріктірген іс-шараға қатысқан отбасылар сайыс нәтижесіне сәйкес жүлделі орындарға ие болды.