«THE BEST» халықаралық фестиваль-байқауында Абай облысы, Семей қаласының оқушылары бас жүлдеге ие болды

  • 15.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 154

2023 жылдың 14 мамырында Семей қаласының мәдениет сарайында  өткен «THE BEST» халықаралық фестиваль-байқауында Абай облысы білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы»  балалар би тобы «Ұлы дала балалары» қойылымын орындап, үздік атанды. Шығармашылық ортаның дамуы мен жаңа таланттарға жол ашатын аталмыш байқаулар өнерпаздарға берілген тамаша мүмкіндік. Жеңіске жеткен  хореографиялық ұжым мен  жетекшісі Койшибекова Виктория Юрьевнаны құттықтаймыз, алар асуларыңыз көп болсын!