Алматы облысының мектептерінде семинарлар сериясы өтті

  • 16.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 139

2023 жылғы 25 сәуір мен 16 мамыр аралығында Алматы облысының мектептері үшін семинарлар сериясы  ұйымдастырылды. Семинарларға Талдықорған, Қонаев қалалары, Өтеген батыр, Ащыбұлақ, Қараой ауылдары мектептерінің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мұғалімдері мен мамандары қатысты. Іс-шара барысында ерекше білім беруді қажет ететін  балаларға сапалы және кәсіби қолдау көрсету мен қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.