Павлодар облысында "Танымдық белсенділікті дамыту – дамуында ауытқуы бар оқушының табысқа жету жолы"атты облыстық case-study семинары өтті

  • 17.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 249

2023 жылғы 17 мамырда Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасының "№ 4 арнайы мектеп-интернаты" КММ базасында "Танымдық белсенділікті дамыту – дамуында ауытқуы бар оқушының табысқа жету жолы"атты облыстық case-study семинары өтті.
Пленарлық бөлімге Павлодар облысы Білім басқармасының балалар құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің бас маманы Ж. О. Айтмұхамбетова, "Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы" КММ әдіскерлері қатысты
Сүлейменова Б. К., Куренбаева Ж. И., № 4 мектеп-интернатының БОЖО Адамова А. С. қатысты.
Мектеп педагогтарының жұмысын жүргізу үшін келесі бағыттар бойынша case - топтар құрылды:
"Интеллектісі бұзылған оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуда заманауи жабдықтарды пайдалану";" Заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы танымдық белсенділікті дамыту";"Интеллектуалдық кемістігі бар оқушылардың танымдық қабілеттерін жандандыру мақсатында оқытудың дәстүрлі емес нысандарын қолдану";"ЕБҚ бар балаларда коммуникативтік және графомоторлық дағдыларды дамытудың әдістері мен тәсілдері".
Семинар қонақтары-арнайы мектептер мен инклюзивті білім беру мамандары мен педагогтары практикалық тапсырмаларды орындауға қатысып, балалармен жұмыста туындайтын мәселелерді талқылады.
Семинар соңында оқушылар мен педагогтар қонақтардың назарына тәрбие жұмысының өзекті бағыттарының бірі-экологиялық тәрбиені көрсететін "Гүл - жеті гүл" театрландырылған қойылымын ұсынды.
Семинарды қорытындылау барысында педагогтарға Павлодар облысы білім беру басқармасының, БДИО сертификаттары табысталды.