«Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясы
2023 жылдың мамырдың 17 жұлдызында «АИБД ҰҒПО» РММ директоры Кудеринова Айкерим Мерекеевна «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясына катысты.
ҚР Министрі Бейсембаев Гани Бектаевич «Білім беру сапасын қамтамасыз ету бағыттары» тақырыбында сөз сөйледі. Сонымен қатар іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мемлекеттік және қоғамдық ҚР қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі Шамшидинова Куляш Ногатаевна және тағы да басқа білім жолында жүрген танымал тұлғалар сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап берді.
Пленарлық, секциялық отырыстарда «Ауылдағы білім», «Онлайн оқыту форматы», «Білім берудегі инклюзия мәселелері» және тағы да басқа мәселелер талқыланды.