10 мерейтойлық «Дар слышать сердцем» концерті өтті

  • 19.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 144

Ақмола облысында 2023 жылдың 18 мамырында сағат 18-00-де «Достар» мәдениет үйінде есту қабілеті және сөйлеу тілінің бұзылыстары бар тәрбиеленушілер, педагогикалық ұжым қатысқан 10 мерейтойлық «Дар слышать сердцем» концерті өтті. 
Биыл мерейтойлық «Дар слышать сердцем» концертіне 10 жыл. Осы жылдар ішінде мектеп тәрбиеленушілері педагогтармен бірге ата-аналарды, жұртшылықты, Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтарын хореография, вокал, жестау әні, ересектер мен балалар ұжымдарының ансамбльдік орындауы, театрландыру және аспаптық түрлі жанрларда өтетін жарқыраған қойылымдарымен қуантып келеді.
Концерттерде орындалатын барлық нөмірлерді көрермендер әрдайым қошеметпен, жақсы лебіздермен және ризашылықпен қарсы алады. Бұл дегеніміз мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері мен педагогтар ұжымы ұсынатын жанрлардың заманауи және ерекше екендігін көрсетеді.