«Наши таланты» музыкалық-шығармашылық байқауының аралық қорытындылары

  • 23.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 133

Өткен аптада, 2023 жылдың 20 мамырында Республикамыздың 13 облысынан психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтары жағдайында түзету-дамытушылық көмек алатын 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар қатысқан 2 іріктеу турының қорытындысы шығарылды. 
Қазылар алқасының мүшелері 2 іріктеу турын қорытындылай келе, әртүрлі номинациялар бойынша 95 жеңімпазды анықтады. Оның ішінде, «Золотой голос» номинациясы бойынша 20 бала, «Лучший декламатор» номинациясы бойынша 18 бала, «Маленький танцор» номинациясы бойынша 15 бала, «Начинающий артист» номинациясы бойынша 3 бала, «Оркестр» номинациясы бойынша 6 бала және «Очумелые ручки» номинациясы бойынша 33 бала өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. 
Өңірлік турдың барлық жеңімпаздары финалдық турға өтті, оның қорытындысы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде анықталады.