Астана қаласында «Жүрекпен сезіну» фестивалі өтті
2023 жылдың 24 мамырында Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жүрекпен сезіну» фестивалі өтті. Аталған Фестиваль «№1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» қызметінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылды. №1 ППТК Астана қаласы әкімінің қаулысымен 2013 жылы ашылып, 0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін алғашқы мемлекеттік ұйымдардың бірі. 10 жыл ішінде № 1 ППТК-да 5000 мыңнан астам бала мемлекеттік қызмет алды.
Фестиваль барысында мүгедек балалардың отбасылары мобильді ППТК арқылы әртүрлі сала мамандарынан (сурдопедагог, педагог психолог, тифлопедагог, логопед, дефектолог) жедел кәсіби кеңестер мен ұсыныстар ала алды. Сондай-ақ қаланың арнайы білім беру ұйымдары балалармен түзету-дамыту процесінде қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар мен инновациялық жабдықтарын көрме арқылы таныстырды.
Іс-шарада балалар қыш құмыра жасау, сурет шеберханасы, дәстүрлі емес сурет салу, аквагрим, арт-терапия, гипспен жұмыс істеу, тестопластика, квиллинг, оригами және т.б. шеберлік сабақтарына қатысты.