Астана қаласы №1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұжымын 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

  • 25.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 128

 Бүгінде он жыл бойы арнайы білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешудегі кәсібиліктеріңіз бен сапалы жұмыстарыңызды ерекше бағалаймыз.
Осындай маңызды істеріңізде мамандарыңыздың бойындағы кәсібилік, мақсатқа талпыну, шығармашылық ізденістің арқасында жоспарларыңыз жүзеге асып жатқаны айдан анық.
Сіздердің ұжымдарыңызды 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға бақыт, зор денсаулық, арнайы педагогика саласындағы атқарып жатқан еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!