Талдықорған қаласында қолдау көрсету қызметінің мамандары мен мұғалімдері қатысуымен дөңгелек үстел өтті

  • 30.05.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 138

2023 жылғы 29 Мамырда Жетісу облысы Талдықорған қаласының № 16 жалпы білім беретін орта мектебінде қолдау көрсету қызметінің мамандары мен мұғалімдері қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Орталық мамандары көптеген сұрақтарға жауап беріп, бейімделген бағдарламалар мен бағалау критерийлері бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ психологиялық қолдау көрсету  қызметі құжаттарының үлгілерімен бөлісті.