Орталықта Балалар күніне орай балалар мен ата-аналарға қатысуымен мерекелік концерт пен квест ойыны өтті

  • 01.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 150

2023 жылғы 1 маусымда Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығында Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында мерекелік концерт өтті. Бұл күні қыш шеберханасы мен "Әлеуметтік-бейімделу дағдыларын дамыту" кабинетіне қатысатын балалардың қолымен жасалған саз бұйымдары және тәтті тағамдары ұсынылған жәрмеңке ұйымдастырылды. Балалар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй мен қызықты сәттерді сыйлауға бағытталған квест ойындары да өтті. 
Мерекелік шарада  "Бақытты балалық шақ" байқауының нәтижесі жарияланып, жүлдегерлер мақтау қағазы мен сыйлықтармен марапатталды.  Сонымен қатар Оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері арасында өткен "Біздің таланттар" Республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының қорытындылары жарияланды. Байқау жеңімпаздары АИБД ҰҒПО сайтында specialedu.kz берілетін болады  .
 
Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала – біздің болашағымыз!Бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жарқын болашақ, мықты денсаулық, бақытты балалық шақ тілейміз!
Мерекелеріңізбен!