Ұлытау облысы Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттерінде "Шекарасыз шығармашылық" челленджі өтті
✍2023 жылдың 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде арнайы білім беру ұйымдары, оның ішінде Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттерінде "Шекарасыз шығармашылық" челленджі өтті.
✅Мақсаты: балалардың қызығушылығын, саусақ, қол қимыл-қозғалыстары мен икемділіктерін, балалардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту.
✅Челлендж сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыкалық терапия, қозғалмалы би бағыттары бойынша балалар өнер көрсетті.
✅Челленджге түзету кабинеттерінен 75 бала ата-аналарымен қатысты.