«Білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуі» Республикалық семинары өтті
2023 жылдың 2 маусымында аймақтық әдістемелік орталықтардың, кабинеттердің әдіскерлеріне арнайы және инклюзивті білім берудің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуі» тақырыбында Республикалық семинар ұйымдастырылды. Ұлттық-ғылыми практикалық орталық мамандары мен қатысушылар тәжірибе алмасып, актуалды сұрақтар қарастырылды.