Рудный арнайы мектебінде әйгілі француз фотографы Эрик Ваззолердің шеберлік-сыныптары өтуде

  • 02.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 145

2023 жылдың 25 мамырынан 3 маусымына дейін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебінде әйгілі француз фотографы Эрик Ваззолердің «Новый взгляд» атты мастер-класс және фотокөрмесі өткізіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты оқыту, оның ішінде суретке түсіру өнеріне үйрету үшін ұйымдастырды.
Эрик Вазоллер - әлемге әйгілі фотограф, ол ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған фотокөрмелер мен шеберлік сыныптарын өткізумен танымал. 30 жыл бойы Эрик Қазақстан, Франция, Германия және Польша жастарымен өз тәжірибесін бөлісті.
Сондай-ақ, осы бағытта одан әрі жұмыс істеуге кеңес беру үшін оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізіледі, өйткені мастер-класс кезінде балалар жұмыс істейтін камералар болашақта оқушыларға тұрақты пайдалануға беріледі.