Есіл ауданы Ақсай ауылында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды
2023 жылғы 1 маусымда Есіл ауданы, Ақсай ауылының жалпы білім беретін мектебінде AMANAT партиясының «Кедергісіз келешек-тосқауылсыз болашақ» жобасы аясында «Инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту» жоспарына сәйкес инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды.
«Мектепте 118 бала бар, олардың 8-і ерекше білім беру қажеттіліктері бар, олар педагогтар тарапынан ерекше қолдауды қажет етеді. Мектеп қабырғасында орналасқан инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеті достық атмосферасында білім алу ЕББҚ бар балалардың дамуына ықпал етеді. Енді мектеп оқушылары оқу үдерісінен шықпай, өз қажеттіліктеріне сәйкес көмек ала алады», - дейді облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Марал Коспанова.
Инклюзияны қолдау кабинеті төрт аймақты қамтиды: жеке сабақтар аймағы; сенсорлық жүктемені түсіру аймағы, мұғалім аймағы және ата-аналарға арналған аймақ бар.Кабинет мамандары - дефектолог, логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ЕББҚ бар балалармен психологиялық-педагогикалық, түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырады.
Айта кетейік, ауданда осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады: 2024 жылы Красивое а. жалпы білім беретін мектебінің және 2025 жылы Есіл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің базаларында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін ашу жоспарлануда.