Елордада «Жұлдызай» XVIII Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті

  • 02.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 148

2023 жылдың 1 маусымында Елорда төрінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас таланттардың  қатысуымен «Жұлдызай» XVIII Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті. Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан фестиваль ерекше білім беруді қажет ететін өнерлі балалардың жұлдызын жағып, көрермендерге әдемі шоу, ұмытылмас әсерлі сезімдер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді. 
6000-ға жуық өнерпаздарды жинаған аталмыш фестиваль жеңімпаздары халықтық дауыс берумен анықталып, Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс өткен гала-концерт сахнасында еліміздің танымал жұлдыздарымен бірге өнер көрсетті. Ұлттық-ғылыми практикалық орталық барлық жеңімпаздарды құттықтайды, алар асуларыңыз, жетер биіктеріңіз көп болсын!