Арнайы білім беру ұйымдары педагогтерінің білімін бағалау сұрақтары талқыланды

  • 02.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 145

2023 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына енген соңғы өзгерістерге сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының педагогтерінің білімін бағалау сұрақтарын талқылау мақсатында Ұлттық-ғылыми практикалық орталығы және Ұлттық тестілеу  орталығы  ұйымдастырумен онлайн кездесу өтті. Кездесуге еліміздің арнайы білім беру ұйымдарынан педагогтер қатысып, аттестаттаудан өту қағидалары мен шарттары бойынша барлық сұрақтарға тиісті мамандардан  жауап ала алды.