Маңғыстау облысының № 4 арнайы балабақшасында балалар мен ата-аналарға арналған сурет салу тренингі ұйымдастырылды

  • 07.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 227

Бала мен ата-ана арасында тиімді байланыстың болуы  бала дамуына оң әсер ететіні белгілі. Күнделікті өмірде ойын ойнау немесе тұрмыстық тапсырмаларды орындау сияқты қарапайым әрекеттер көптеген функцияларды дамытады.
2023 жылдың 6 маусымында
Маңғыстау облысының Білім басқармасының № 4 арнайы балабақшасында ата-ана мен балаларға арналған дәстүрлі емес техникамен сурет салу тренингі ұйымдастырылды. Бұл шара шығармашылық ойлауды дамытып қана қоймай, ұсақ мотриканың жұмысын арттырады. Аталмыш шаралар ата-аналардың баламен жағымды қарым-қатынас құру бағытында пайдасы зор екені сөзсіз.