«Тәрбие барысындағы қарама-қайшылықтар» тақырыбында ақпараттық семинар
2023 жылдың 7 маусымында Шығыс Қазақстан Облысы Білім басқармасы «Аутизмі ( аутистік спектірдің бұзылуы) балалардың қолдау орталығы (autism-орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде онлайн форматта «Тәрбие барысындағы қарама-қайшылықтар» атты ақпараттық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: ата-ана тәрбиесінің стилі және отбасылық жанжалдарды шешу әдістері бойынша ата-ана құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында баланың дамуы үшін отбасы тәрбиесінің маңызы, отбасылық тәрбие стильдері, қақтығыстар және олардың ерекшеліктері, отбасындағы келіспеушіліктердің себептері, ресурстарды бағалау және мәселені шешу (ұсыныстар) тақырыптары қозғалды.
Семинарды қазақ тілінде Клиникалық педагог Нұғұмарова Е.Е., ал орыс тілінде мұғалім-дефектолог Глухих Ю. Н. жүргізді.