Қазақстан тарихында алғаш рет шоудауннан турнир өтті

  • 07.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 142

Алматыда Қазақстан тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасында Шоудауннан турнир өтті. Шоудаун – бұл көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларға арналған үстел теннисі болып табылатын жаңа спорт түрі. Біздің елімізде бұл спорт түрі енді ғана танымал бола бастап келе жатыр. Қазір көптеген өңірлерде секциялар табысты жұмыс істеуде.
Шоудаун бізге спорт түрі ретінде небәрі бес жыл бұрын келіп, қарқынды дами бастағаны сонша, қазір өңірлерде 11 филиал жұмыс істейді.
Бірінші турнирге Қазақстанның алты өңірінен, атап айтқанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау және Өскемен қалаларынан жиырмадан астам жас қатысушылар жиналды.
Ойыншылар арасындағы мүмкіндікті теңестіру үшін оларға арнайы көзілдіріктер берілді. Қатысушылар керемет эмоцияларға бөленді.