Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға кешенді түзету жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» атты семинарына қатысты

  • 08.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 205

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша»КММ-де «Сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға кешенді түзету жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шараға Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттері қатысты.
Мекеме меңгерушісі Балымбетова Гулшат Шалкаровна балабақшаның  жұмысын ұйымдастыру процесіне тоқталды. 
         Семинар-практикум  барысында педагогтер балалардың сөйлеу  тілін жетілдіру, тіл кемшілігін түзете-дамыту бағытында  өз іс-тәжірибелерімен  бөлісті. Балабақша мамандары түрлі ойын,  қимыл, танымдық, шығармашылық түрде баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы  шебер-класс ұйымдастыру іс-әрекеттерін көрсетіп, қолданылатын дидактикалық материалдармен таныстырды.