Шымкент қаласында ата-аналарға арналған офлайн форматта «PECS карточкалары - баламалы коммуникация тәсілі» тақырыбында оқыту семинары өтті

  • 08.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 197

2023 жылғы 8 маусымда Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 психолог-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналарға арналған офлайн форматта «PECS карточкалары - баламалы коммуникация тәсілі» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: ата-аналарға «PECS карточкалары - баламалы коммуникация тәсілі» туралы ақпарат беру және тәжірибеде қолдануды үйрету.
Семинар барысында мына тақырыптар қозғалды: коммуникацияның бұзылуы, PECS баламалы коммуникация жүйесі, баламалы коммуникацияның плюстары, PECS карточкаларындағы суреттер, PECS әдістемесі, PECS карточкалары кімге арналған, PECS баламалы коммуникацияны оқыту кезеңдері.
Семинар басында клиникалық педагогтар семинар жоспары бойынша толық ақпарат берді. Ашық диалог болды, ата-аналар сұрақтарын қойды. Семинар соңында клиникалық педагогтар ата-аналар балалармен үйде өз бетінше жұмыс жасау  үшін, PECS карточкаларын қолданудыдың оқыту кезеңдерін көрсетті.