АИБД ҰҒПО-да біліктілікті арттыру курсы өтті
05 маусымнан бастап АИБД ҰҒПО-да «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары мен мұғалімдер үшін ұйымдастырылды. Оқыту тілі – Қазақ тілі.
Оқыту бірқатар барлық оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жаңартылған нормативтік құқықтық негіздерін талдау өзекті мәселелерін қарастыруды қамтыды. «Ерекше білім беру қажеттіліктері» ұғымдарын ашу, даму бұзылыстары бар оқушылар үшін білім беру процесін ұйымдастырудағы «Медициналық және әлеуметтік-педагогикалық» тәсілдері қарастырылды.