«Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау (ерте және мектепке дейінгі жас)» біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр
05 маусымда АИБД ҰҒПО-да қазақ тілінде «Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау (ерте және мектепке дейінгі жас)» тақырыбы бойынша логопедтер мен Арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.
Тыңдаушылар әртүрлі бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мамандарының қызметін реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды талдаумен танысты.
Курстар бағдарламасына сәйкес баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттары, тілдік және психикалық нормалар мен патологиялар ұғымы, сөйлеу онтогенезінің кезеңдері, сөйлеу тілінің бұзылыстарының жіктелуі, сөйлеу тілінің бұзылыстарының сипаттамалары зерттелді. Сипаттама, зерттеу әдістері мен тәсілдері, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарының жоспарын құру, логопедпен, тәрбиешімен және басқа түзету-педагогикалық үдеріске қатысушылармен байланыс туралы мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды.