Қазақстанның 5 облысынан жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау бойынша оқытудан өтті

  • 14.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 207

Екі ай бұрын Қазақстанның 5 облысынан жалпы білім беретін мектептердің 40 мұғалімі мен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау бойынша оқытудан өтті. Аталған шара Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Дара қайырымдылық қорымен бірлесе отырып жүзеге асырылды .
 
Іле ауданының №43 мектебінің арнайы педагогы Рауза Шернияз оқу туралы келесі пікірін білдірді:
 
"Оқу жұмысымның маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектесті. Біз ерекше білім беруді қажет ететін барбалалардың оқуы үшін дұрыс жағдай жасау, олар үшін жеке даму бағдарламаларын әзірлеу үшін командада қалай жұмыс істеу керектігін білдік. Бізге педагогтің балаға жайлы жағдай жасаудағы рөлі қаншалықты маңызды екенін, мектеп оқушыларын құрдастарының арасында оқу үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға және түсінуге қалай үйрету керектігін көрсетті".