ШҚО, «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығында семинарлар сериясы өтуде
2023 жылдың 14 маусымында ШҚО Білім басқармасының «Аутизмі(аутистік спектірдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)»КММ мамандарға арналған «Баламен өзара әрекеттесу формаларын дамыту» және «АСБ бар балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары» атты ақпараттық семинарын өткізді. Семинар барысында АСБ бар балаларда кездесетін қарым-қатынас ерекшеліктері, ата-аналарға баламен қарым-қатынас жасауға мүмкін болатын ұсыныстар мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын үйрету қалай жүретіні жайлы ақпарат берілді. Аталған шара мамандардың өзекті сұрақтары бойынша біліктіліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуында маңызды. Айта кетсек, мекемеде апта сайын мамандар мен ата-аналарға арналған ақпараттық семинарлар легі ұйымдастырылып отырады.