Балалар мен жастардың қабілеттері және дарындылығын диагностикалау мен дамытудың өзекті мәселелері
2023 жылдың 15-16 маусым аралығында Астана қаласында «Балалар мен жастардың қабілеттері және дарындылығын диагностикалау мен дамытудың өзекті мәселелері» аттыⅠхалықаралық психологтар форумы өтті.
Форумға ҚР Оқу-Ағарту министрі Г. Б. Бейсембаев, Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Н. Ж. Оспанова, талантты және дарындыларды қолдаудың Еуропалық желісінің (ECHA) вице-президенті, психологы, профессоры, Szilvia Fodor, АИБД ҰҒПО РММ директоры А. М. Кудеринова, сондай-ақ танымал шетелдік және отандық мамандар қатысты.
Форумның бірінші күнінде біздің қонақтарымыздың сөз сөйлеуі, секциялардағы «Инклюзивті орта жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың қабілеттері мен дарындылығын дамыту жолдары», «Балалар мен жастардың қабілеттері мен дарындылығын дамытудағы, оның ішінде қабілеттерін диагностикалаудың авторлық әдістемелерінің тәжірибесіндегі инновациялық тәжірибе», «Қабілеттерді ерте диагностикалау және мектептерде білім берудің жаңа тәсілін қалыптастыру» және тағы басқа мәселелер қозғалды.
Екінші күні Венгрия, Ресей және Қазақстанның жетекші шетелдік мамандарынан шеберлік класстары өтті.ⅠХалықаралық форумының соңында сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, қонақтар Назарбаев орталығының мұражайына үлкен қуанышпен барды.