2023 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасының облыстық ресурстық орталықтары мектептерінің директорларымен жиналыс өтті. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Күнделік электронды журналын жүргізу бойынша бірыңғай талаптарды әзірлеу бойынша жұмыс топтарын құру талқыланды. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған пәндер бойынша жұмыс тәжірибесінен жеке бағдарламалар әзірлеу бойынша жұмыс топтары құрылды. Өткен оқу жылындағы 21 облыстық Ресурстық орталықтың жұмыс қорытындысы шығарылды. Кеңес шығармашылық және сындарлы атмосферада өтті, талқылау барысында барлық сұрақтарға жауаптар алынды, ұсыныстар тыңдалды.