«Балам сөйлесін десеңіз» атты ата-аналарға арналған семинар
2023 жылдың 26 маусымында Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қаласы Наурызбай ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де «Балам сөйлесін десеңіз» тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты: Ерекше білім алуды қажет ететін балалардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша белсенді қызметке қосу үшін жағдай жасау болып табылады.
Ата-аналар мен балалар үшін әртүрлі жаттығулар және тапсырмалар ойын түрінде беріліп, практикалық сабақтар өткізілді. Ата-аналар мамандарға сұрақтар қойып, қажетті мәлеметтер алды.
Іс-шара соңында балаларға мақтау қағаздары табысталды.