2023 жылдың 27 маусымында АИБД ҰҒПО ресурстық орталығының меңгерушісі Е.В. Егорова «Білім берудегі инклюзияны бағалау» Халықаралық вебинарының жұмысына белсенді қатысты. Вебинарды ұйымдастырушысы – Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетінің инклюзивті жалпы және қосымша білім беруді дамыту жөніндегі Федералды орталығы. Вебинарға Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беру саласындағы сарапшылар қатысты.