Әлеуметтік ортаға бұзылыстары тежелген балаларды бейімдеу

  • 30.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 199

2023 жылдың 30 маусымында Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державин қаласы «№7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» әлеуметтік педагог Қасымхан А.Е. “Әлеуметтік ортаға бұзылыстары тежелген балаларды бейімдеу” атты тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг өткізді. Ең алдымен ата-аналарды жылы-лебіздермен қарсы алып, «Доппен таныстыру» әдісін қолданды. Әр ата-ана өз есімімен бірге баласының бойындағы қасиетін айтты.  Шаттық шеңбер арқылы, бір-бірімен пікір алмасып, бойларындағы қорқыныштарымен бөлісті. Тақырыпқа байланысты ақпараттар беріліп, Баланы ортаға қалай бейімдеу керек?, Кім көмектесе алады? деген сұрақтарға да жауап берілді. 
Тренинг соңында ата-аналарға бір мысал келтіріп, жалпы қорытындылады.