Зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептер директорларының орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курстары өтіп жатыр.

  • 30.06.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 240

2023 жылдың 26 маусымынан бастап АИБД ҰҒПО РММ-да «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында зиятында бұзылыстары бар білім алушыларға арналған арнайы мектепте білім беру үдерісін жобалау» тақырыбы бойынша зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептер директорларының орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. 
Курстың мақсаты – арнайы білім берудің медициналық әлеуметтік-педагогикалық моделіне көшуді ескере отырып, арнайы мектеп директорлары орынбасарларының білім беру үдерісінің мазмұны және ұйымдастыру мәселелеріндегі кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Курс тыңдаушыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына және арнайы білім беру саласындағы нормативтік базаға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Әлеуметтік-педагогикалық тәсіл парадигмасында зиятында бұзылыстары бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу практикасының өзгеру тенденциясын талқылау жоспарланып отыр. Сондай-ақ мектептерді, педагогтердің кәсіби құзыреттерін одан әрі дамыту бағыттарын алқалы түрде айқындау.
Курс аралас форматта өткізіледі. Сабақта топтарда жұмыс, кейс-стади интерактивті әдістері қолданылады. Тыңдаушылар өз тәжірибелерін дамытудың заманауи тәсілдерімен (Action research, Lesson Study) танысады.