Аутистік спектр бұзылысы бар балаларды ерте жастан анықтау бойынша диагностикалау және дамыту-табыстың кілті
2023 жылдың 5 шілде күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Аутистік спектр бұзылысы бар балаларды ерте жастан анықтау бойынша диагностикалау және дамыту-табыстың кілті» тақырыбында мектепке дейінгі мекемелердің арнайы мамандарына арналған семинар өтті. Семинарға барлығы 45 арнайы мамандар қатысты. Семинар барысында диагност маман А. Молдакулова «ADOS-2»
әдістемесін жүргізді. Орталықтың педагогтары Ш.Серубаева және А.Ербосын «Ерте жастан қолдау» бағдарламасы бойынша мастер-класс көрсетті.