Арнайы мектептер директорларының орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

  • 05.07.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 254

2023 жылдың 5 шілде АИБД ҰҒПО РММ-де зиятында бұзылыстары бар білім алушыларға арналған арнайы мектептер директорларының орынбасарлары үшін «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында зиятында бұзылыстары бар білім алушыларға арналған білім беру үдерісін жобалау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
         Курстың мақсаты арнайы білім берудің медициналық-әлеуметтік-педагогикалық моделіне көшуді ескере отырып, білім беру үдерісінің мазмұны және ұйымдастыру мәселелерінде арнайы мектептер директорларының орынбасарларының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болды.
Әлеуметтік-педагогикалық тәсілінде зиятында бұзылыстары бар оқушыларды оқыту және тәрбиелеу практикасының өзгеру тенденцияларын талқылады. Мектептерді одан әрі дамыту бағыттарын, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін айқындады.
Біліктілікті арттыру курсын тыңдаушылар білімдерін шыңдап, үлкен тәжірибе жинап қайтты. Олар курс кураторы И.Г. Елисееваға өз алғыстарын ерекше түрде білдірді.