Aутистік спректрдің бұзылыстары бар балаларға негізгі дағдыларды қалыптастыру

  • 12.07.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 393

2023 жылдың 12 шілде күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орталықтың жұмысымен таныстыру, АСБ бар балаларға арналған оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану туралы Жамбыл облысы бойынша КППК мамандарына арналған семинар өтті. 
Мақсаты: 
• 3-10 жас аралығындағы АСБ бар балалардың оқу дағдыларын дамыту.
• Ынтымақтастық дағдыларын дамыту
• Нұсқауларды түсіну , орындауын дамыту
• Көріп қабылдауын дамыту
• Имитация дағдыларын дамыту
• Сөзді түсіну дағдысын дамыту
• Өтініш білдіру дағдысын дамыту
• Академикалық  дағдыларын дамыту
• Моториканы дамыту
 
Семинар барысында «Оқу дағдыларын дамыту» бағдарламасының педагогтары А. Олжатаева, Д. Сенбек және диагност маман А. Молдакулова өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісті.