Павлодар қаласының № 52 арнайы балабақшасында қазақ халқының ұлттық ойындары өткізілді

  • 13.07.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 222

2023 жылдың шілденің 12 жұлдызында Павлодар қаласының № 52 арнайы балабақшасында бүлдіршіндердің қатысуымен қазақ халқының ұлттық ойындары өткізілді. 
Мақсаты ұлттық ойындар арқылы балалардың жас ерекшелігіне байланысты логикалық ой жүйесін дамыту, жылдам шешім қабылдауға баулу, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті бойына дарыту, салт-дәстүрлерді насихаттау болып табылады. Сондықтан ұлттық ойындар балалардың қозғалу белсенділігінің дамуы, олардың денсаулығының күшеюі үшін қолайлы жағдай жасайды, ойын – баланың өмірінің нәрі деп білеміз. 
 Баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, таза ауада жүру жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі.