К. Ушинский атындағы №7 орта мектебінде балаларға арналған квест ойыны ұйымдастырылды.

  • 13.07.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 134

Бүгін 2023 жылдың шілде айының 13 жұлдызында Жетісу облысы Талдықорған қаласының «К. Ушинский атындағы №7 орта мектебі» КММ «Моё безопасное лето» атты квест ойыны өтті. Мектептің мұғалімдері ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға қызықты тапсырмалар беріп, флешмоб өткізді.
Окушыларға жаксы көңіл күй сыйлау үшін мектептің логопеді Белялова Мадина Аскаровна мен психологы Бактурова Санира флешмоб өткізді. Мектептің арнайы педагогы Турлыбекова Маржан Жанабаевна және мектеп психологы Қасымбекова Жұлдыз Еркиновна балалардың логикалық ойлау мен креативті шешім табуды дамыту мақсатында квест ойынын ұйымдастырды. 
Аталған іс-шаралар оқушыларға ұнағанын және жазғы демалыстарын жақсы өткізіп жатқанын айтты.