АИБД ҰҒПО РММ-де балаларға арналған спорттық ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды

  • 11.07.2023
  • ННПЦ РСИО
  • 122

2023 жылдың шілденің 11 жұлдызында АИБД ҰҒПО РММ-де тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Дәрумендермен дос боламыз» тақырыбы бойынша балаларға арналған спорттық ойын-сауық іс-шарасы өтті. 
Іс-шараның мақсаты – балаларға көкөністер мен жемістердегі дәрумендердің пайдасы туралы айтып, түсіндіру болып табылады.
Міндеті – балаларды спорттық ойын-сауық арқылы салауатты өмір салтына тарту, спорттық ойындарға деген қызығушылықты дамыту, балалардың денсаулығын нығайту және тапсырманы өз бетінше орындау жылдамдығын, ептілігін, қабілетін дамыту.