Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалардың дене тәрбиесінің ерекшеліктері және оларды оңалту тәсілдері
Сатбаев қаласының «№7 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» Ұлытау облысының білім беру КММ «Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалардың дене тәрбиесінің ерекшеліктері және оларды оңалту тәсілдері» атты педагогтерге арналған әдістемелік кенес өтті.
Жылдық жоспарға сәйкес әр жұма сайын әдістемелік кеңес мекемеге жаңадан келген педагогтердің іс-тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және үнемі өзін-өзі дамыту мен жетілдіруде әр түрлі формалар мен әдістерді, сұраныстарды қолдану мақсатында мекеменің емдік дене-шынықтыру нұсқаушысы Есенов Жанибек Баймуратович баяндама оқып, педагогтерге оқыту және оңалту тәсілдері туралы баяндап берді.