«Ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынас» тақырыбындағы іс-шара
2023 жылдың 17 шілдесінде «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Алма» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша» КММ-де «Ата-анамен балабақша арасындағы қарым-қатынас» тақырыбы бойынша ата-аналарға арналған іс-шара өтті.
Мақсаты – ата-аналардың балабақша мен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды және бала мен ата-ана арасындағы байланысты дамыту.
Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие ісін ары қарай жетілдіру отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып, толығып келеді. Әр түрлі жаңа технологияларды бала тәрбиесінде қолданып, заман талабына сай бала тәрбиелеу үшін ата-ананың да сол заманға сай жаңаша технологияларды меңгеруі шарт.